ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Жапонияның Нагоя қаласындағы Инаэ спорт орталығында өткен жекпе-жектен 77 кг дейінгі салмақтағы финалдық кездесуде отандасымыз Еркінғали Бүркіталин Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. 

Туризм және спорт министрлігі

Астана, NEGE. ММА-ның дәстүрлі стилі бойынша сынға түскен Еркінғали финалда бахрейндік қарсыласы Мұхаммед Нәбиевті айқын басымдықпен жеңді, есеп 3-0 болды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.

Осылайша қазақстандық спортшылар Азиаданың бесінші алтын медалін жеңіп алды. 

MMA Жапонияда алғаш рет жазғы Азиада бағдарламасына енгізіліп отыр. Жерлесіміз Санжар Әділов 21 тамыз күні ХХ жазғы Азия ойындарында ММА-ның дәстүрлі стилі бойынша алғашқы қоланы жеңіп алып, Қазақстан қоржынына тарихи медаль салды.

4 қазанға дейін жалғасатын XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан атынан 558 спортшы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.