USD
USD
USD

Санжар Әділов Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тарихи жүлде салды

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ММА-дің дәстүрлі стилі бойынша қола жүлдеге ие болды.

Санжар Әділов
Фото: Спорт және туризм министрлігі

Астана, NEGE. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды.

«Бұл жүлденің тарихи маңызы бар. Аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді», – деп атап өтті Спорт және туризм министрлігі.

Осылайша, Санжар Әділов ММА бойынша Азия ойындарында жүлде еншілеген алғашқы қазақстандық спортшылардың қатарына енді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы XX Азия ойындарының алғашқы күнінде төрт алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды велоспорттан Рината Сұлтанова салса, тас жолдағы велоспорттан тағы бір алтынды Алексей Луценко жеңіп алды.

Сондай-ақ ел қоржынына тағы екі алтынды каратэшілер салды. 55 келіге дейінгі салмақта кумитеден Жоламан Биға­был Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Каратэден тағы бір алтынды Софья Берульцева иеленді.

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы қола медальді триатлоннан Арлан Жанабай салды.

Қазіргі бессайыстан командалық есепте Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды.

 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаутағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler