Миллиардер Александр Машкевич өмірден өтті

Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы, миллиардер Александр Машкевич өмірден өтті.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол 72 жаста болатын. Өлімнің себебі белгісіз.

2023 жылы NEGE-нің сенімді ақпарат көздері Александр Машкевичтің миына күрделі ота жасалғаны туралы хабарлаған болатын. Дереккөздің ақпарына сенсек, Машкевич отаны Германияның Мюнхен қаласында жасатқан.

Машкевич танымал кәсіпкер және ENRC компаниясының иесі, сондай-ақ Eurasian Resources Group (ERG) акционері және директорлар кеңесінің төрағасы болды. Ол 1954 жылы Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында дүниеге келген.

«Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ, «Еуразиялық өнеркәсіп компаниясы» АҚ және «Еуразиялық өндірістік компания» ЖШС-іне Патох Шодиев және Ибрагимовтер әулетімен тең иелік еткен Александр Машкевич Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі болды. Сондай-ақ Қазақстанның Ат спорты федерациясының құрметті президенті қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты