Мектеп оқушыларына құрамында есірткі бар «құлпынай квик» кәмпиттері таратылып жатқаны рас па?

WhatsApp чаттарда мектептерде балаларға «құлпынай квик» кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. ІІМ хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн. Сонымен қатар біз ата-аналар балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу тиіс», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады