«Майқайыңалтын» кенішіндегі қайғылы жағдай: Автобустың құлаған сәті видеоға түсіп қалған

Қайғылы оқиға Павлодар облысында 4 қаңтар күні сағат 16:25-те болды.

Видео кадрдан

Алматы, NEGE. Төрт адам мінген автобус шахта маңындағы шұңқырға құлаған. Автобуста үш құтқарушы мен жүргізуші болған, барлығы қаза тапты. Екі мәйіт шығарылды. Тағы екі адамның мәйіті бар автобусты іздеу жұмыстары әлі жалғасуда.

Автобустың шахта шұңқырына құлаған кезі видеоға түсіп қалған.

Бейнежазбада шахтаның опырылған кезі мен 4 жолаушысы бар автобус жер астына құлап кеткені түсірілген. Бұдан бөлек, шахтадағы жарылыс сәті де таспаға түсіп қалған. 

Қазір оқып жатыр

Полиция актер Нұрғали Нұғманның зорлық көргені туралы мәлімдемесі бойынша тексеріс бастады

Құлсарыда «ҚазТрансОйл» қызметкері сенбілік кезінде қаза тапты

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады