Матчқа Бораттың костюмімен келген «Брюгге» жанкүйерлері ұсталды

«Астана Аренада» «Қайрат» мен «Брюгге» арасында өткен матч кезінде бельгиялық клубтың бірнеше жанкүйері арандатушылық әрекет жасады.

Видеодан скриншот/instagram.com/sorpanews

Астана, NEGE. Ер адамдар трибунаға Бораттың киіміне ұқсас костюм киіп шықты.

Астана қалалық полиция департаменті тәртіп бұзушылар ұсталғанын хабарлады.

Олардың үстінен ұсақ бұзақылық және қоғамдық орында мас күйде жүру фактілері бойынша әкімшілік іс қозғалды. 

Іс материалдары сотқа жіберілді, ал қоғамдық тәртіпті бұзған жанкүйерлер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, 20 қаңтарда алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңында бельгиялық «Брюггені» қабылдап, қонақтарға есе жіберді. Есеп – 4:1. Ойындағы  «Қайраттың» жалғыз голын Әділет Садыбеков салды.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты