USD
USD
USD

«Қайрат» өз алаңында бельгиялық «Брюггеге» есе жіберді

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңында бельгиялық «Брюггемен» кездесіп, 4:1 есебімен жеңіліп қалды.

instagram.com/f.c.kairat
Фото: instagram.com/f.c.kairat

Астана, NEGE. Матч «Астана Арена» стадионында өтті. Бұл «Қайрат» үшін өз алаңында өткен соңғы матч болды. Ойында литвалық Донатас Румшас бастаған төрешілер бригадасы төрелік етті.

Ойынның 32-минутында «Брюгге» сапынан Александар Станкович есеп ашса, кейін 38-минутта Ханс Ванакен, 74-минутта Ромео Верман және 84-минутта Брэндон Мехеле «Қайрат» қақпасына гол салды.

Тек матчтың соңына қарай «Қайрат» ойыншысы Әділет Садыбеков (90+2-минутта) Александр Мрынский келген допты қақпаға дәл бағыттап, жанкүйерлерін қуантты.

Алматылықтар жеті кезеңнен кейін әлі де соңғы, 36-орында келеді. Команда еншісінде бір ұпай бар.

Еурокубоктың жалпы кезеңіндегі соңғы матчты «Қайрат» ағылшынның «Арсенал» клубымен өткізеді. Ойын 28 қаңтар күні Лондонда өтеді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы