Мәсімовпен бірге кімдердің ұсталғаны белгілі болды

Елдегі бүлік кезінде ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің қызметінен шеттетіліп, іле-шала ұсталғаны белгілі болды. Онымен бірге «бірқатар тұлғалардың» қамалғаны да хабарланды. Алайда олардың кім екені, аты-жөні айтылмаған еді.

Бүгін ҰҚК-нің ресми сайты былай деп хабарлады: «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы К.Қ.Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.

Тергеу жалғасуда».

А.Садықұлов әр жылдары Президенттің күзет қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды. ҚР Президенті күзетінің құрметті қызметкері. Соңғы атқарған лауазымы – ҰҚК төрағасының орынбасары әрі арнайы мақсаттағы «А» қызметінің директоры. Ал онымен бірге ұсталған Д.Ерғожин ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.Мәсімовтің орынбасарларының бірі болған. 

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?