29 апреля 2025 г. 13:29

Марқұм Нұрғанат Ғайыпбаев жауап беру хаттамасында сол күні оқиға орнына өзінің атыс қаруын алып келмегенін айтып кеткен

Фото: ғаламтордан

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Алматы, NEGE. Сот отырысында прокурор жәбірленуші Нұрғанат Ғайыпбаевтан 21 қазан 2024 жылы жауап алған хаттамасын оқыды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсан айында Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлі денесі бейіт маңынан табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Сотта қылмыстық іс бойынша куәлік еткен қыздар оқиға орнына мылтықты Нұрғанат Ғайыпбаевтың алып келгенін айтқан болатын.

Сұрақ: Айтыңызшы оқиға орнынан атыс қаруын көрдіңіз бе? Оқ атылғанын естідіңіз бе?

Ғайыпбаевтың жауабы: Мен дүкеннің бұрышында тас алып ұстап тұрған кезде «хлопушка» атылған сияқты дауыс атыс дауысын естідім. Кім атқанын көрген жоқпын. «Мерседес» маркалы автокөлігі жақтан атыс дауысы шықты. Мен тек бір мәрте атыс дауысын естідім. Оқиға орнынан мылтық, атыс қаруын көрген жоқпын. Оны видеодан ғана көрдім. Мен осы тұрған жерімді және «Мерседес» автокөлігі тұрған жерімді қосымша сызбадан көрсетемін.

Сұрақ: Қылмыстық іс бойынша күдіктілердің және қорғануға құқығы бар куәлардың жауаптарына сәйкес, солардың айтуы бойынша сіз оқиға орнында 2-3 рет оқ атқаныңызды көрсетіп отыр. Осы жайлы не айта аласыз?

Ғайыпбаевтың жауабы: Мен ол жерге мылтық ұстап келсем, басында-ақ атпаймын ба? Менде мылтық болған жоқ. Олардың не себепті олай айтып отырғанын білмеймін.