Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

Марихуана тартқаны үшін әкімшілік жазаға тартылған тұрғын Конституциялық сотқа өтінішпен жүгінді.

gov.kz

Астана, NEGE. Ол Конституциялық соттан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабы (Есірткіні, психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну) бірінші бөлігінің, сондай-ақ Психикалық белсенді заттарды пайдалануды және масаң күйді анықтау мақсатында медициналық куәландыру жүргізу қағидаларының жекелеген ережелерінің Конституцияға сәйкестігін тексеруді сұраған.

«Өтініш беруші сотта каннабиноидтарды пайдалануға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұлға тартылған. Оның пікірінше, затты жеке кеңістікте, басқа адамдарға зиян келтірмей пайдалану жеке өмірге қолсұғушылық құқығына жатады, ал жауаптылыққа тарту оның конституциялық құқығын бұзады», – делінген хабарламада.

Конституциялық сот өкілдерінің мәлімдеуінше, өтініш берушінің ісін қарау барысында соттар Медициналық куәландыру жүргізу қағидаларының дауланып отырған ережелерін қолданбаған, ал соттың дұрыс шешім шығарған-шығармағанын және мән-жайларды қалай бағалағанын қарапайым соттар тексереді.

Қазір оқып жатыр

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Тоқаев Нұрбекке жоғары білім сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Ұлытау облысында оңалту орталығы аутизмі бар баланы қабылдаудан бас тартқан

Сенатор зейнетке жасқа емес, еңбек өтіліне қарай шығаруды ұсынды