Маңғыстауда есірткіге қарсы колл-орталық пен Telegram чат-бот іске қосылды

Маңғыстау облысында өңірлік жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырмасымен есірткіге қарсы арнайы колл-орталық пен Telegram чат-бот жұмысын бастады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Қоғамдық коммуникация орталығы

Маңғыстау, NEGE. Енді тұрғындар Telegram чат-ботқа кез келген сұрақ қойып, жедел жауап ала алады. Сонымен қатар, есірткіге қатысты құқықбұзушылықтар мен күдік тудыратын әрекеттер туралы жасырын түрде ақпарат жіберуге мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, есірткіге тәуелді азаматтар арнайы колл-орталыққа хабарласып, кәсіби кеңес пен психологиялық көмек ала алады. Мамандар тәулік бойы, яғни 24/7 режімінде жұмыс істейді.

Фото: Қоғамдық коммуникация орталығы

Қоңырау шалу - тегін және анонимді. Байланыс нөмірі: 7 (701) 893 5610.

Қазір оқып жатыр

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды