Махмұд Сабырхан бокстан Әлем кубогының жартылай финалына өтті

Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Махмұд Сабырхан елордадағы Әлем кубогының ширек финалында техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта Филиппин өкілі Джуд Аарон Бадомен қолғап түйістірді.

Махмұд жекпе-жек барысында қарсыласын төрт рет нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға өтіп, кем дегенде Әлем кубогының қола медалін өзіне қамтамасыз етті.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды