Махмұд Сабырхан бокстан Азия чемпионатында алтын алды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы финалда өзбекстандық Шахзод Музафаровпен кездесті.

Тартысты жекпе-жектің алғашқы кезеңін Сабырхан 4:1 есебімен өз пайдасына шешті. Екінші раундта дәл осындай есеппен аяқталды. Үшінші үш минуттықта қарсылас 3:2 есебімен басым түсті.

Нәтижесінде, төрешілердің шешімімен Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты