Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Ливерпуль (Ұлыбритания) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ақтық сынға жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жерлесіміз 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Лю Чуанмен (Қытай) қолғап түйістірді.

Махмұд алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп тастады. Екінші және үшінші кезеңде де керемет бокс үлгісін көрсеткен отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Енді Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) әлем чемпионатының алтын медалі үшін сынға түседі.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті