Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы елшісі лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәди Атамқұловты Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатты. Оның орнына бұған дейін Арменияда елші болған Болат Иманбаев тағайындалды.

gov.kz

Астана, NEGE. Мәди Атамқұлов Сербиядағы елші қызметін 2021 жылдан бері атқарып келген. Оған дейін алты жыл бойы Президент протоколының басшысы болды. Ол – Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бебіт Атамқұловтың інісі.

Сондай-ақ Президент Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаевты, Қатардағы елшісі Арман Исағалиевті, Мажарстандағы елшісі Абзал Сапарбекұлын лауазымдарынан босаттты.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Рәпіл Жошыбаевтың орнына Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі етіп Павлодар облысының бұрынғы әкімі Әбілқайыр Сқақовты жіберді.