USD
USD
USD

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Қырғызстанға елші болып кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның сегіз елдегі төтенше және өкілетті елшілері ауысты.

Әбілхайыр Сқақов
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ақорда ақпаратынша, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Әбілқайыр Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Ол 2020-2022 жылдары Павлодар облысын басқарған, ал соңғы екі жылда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы болды.

Сондай-ақ Президенттің жарлығымен Бақыт Батыршаев Қазақстанның Қатар мемлекетіндегі, Анель Бақытбекқызы Мажарстандағы, Болат Иманбаев Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл ретте Болат Иманбаев Қазақстанның Армения Республикасындағы елшісі лауазымынан босатылды.

Ал Қазақстанның Үндістан Республикасындағы елшісі Азамат Есқараев Қазақстанның Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы және Непалдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы