ІІМ Нұрлан Сабуровқа қатысты сұраққа жауап берді

Қазақстанның ішкі істер органдары Нұрлан Сабуровқа қатысты қылмыстық іс қозғаған жоқ.

instagram.com/nurlan__saburov

Астана, NEGE. Әзілкеш Нұрлан Сабуровтың «Вагнер» легионының «Истра» бөлімшесіне мотоциклдер сыйлағаны және «Все для победы» қорына 2 млн рубль аударғаны туралы ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты Nege.kz редакциясы оның бұл әрекеті өзге елдегі соғысты қаржыландыру болып есептеле ме және Қазақстан Қылмыстық кодексінің 172-бабында көзделген құқықбұзушылыққа жата ма деген мәселені анықтау үшін құқық қорғау органдарына ресми сауал жолдаған.

Бұған дейін ҰҚК бұл жағдайға байланысты тексеріс басталғанын хабарлаған еді. Бүгін Ішкі істер министрлігі де жауап берді.

«Ішкі істер органдары тарапынан аталған тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ», – деп жауап берді ІІМ.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік БАҚ-та Сабуровқа Ресей Федерациясының аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жайлы ақпарат тараған. Әзілкеш бұл жаңалықты Дубайдан Мәскеуге ұшып келген сәтінде Внуково әуежайында бір-ақ білген. Нәтижесінде ол Қазақстанға оралуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, Украинада Сабуровтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр