USD
USD
USD

«Вагнерге мотоцикл сыйлаған»: ҰҚК Нұрлан Сабуровты тексереді

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті комик Нұрлан Сабуровтың әрекеттерін тексеріп жатыр.

Нурлан Сабуров
Фото: YouTube/Заmandas

Астана, NEGE. Сабуров «Вагнер» легионының Истра бөлімшесіне 10 эндуро мотоциклін бергені және «Все для Победы» қорына 2 млн рубль аударғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін, Nege.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдаған.

Редакция әртістің бұл әрекеттерін басқа ел аумағындағы қарулы қақтығысқа көмектесу деп бағалауға бола ма және оның іс-әрекеттерінде ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабында көрсетілген қылмыс белгілері бар ма деген сұрақ қойды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жолдаған сауалыңызды қарастырды. Ақпарат назарға алынды, тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деп жауап берді ҰҚК.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік БАҚ-та Сабуровқа Ресей Федерациясының аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жайлы ақпарат тарады. Әзілкеш бұл жаңалықты Дубайдан Мәскеуге ұшып келген сәтінде Внуково әуежайында бір-ақ білген. Нәтижесінде ол Қазақстанға оралуға мәжбүр болды.

Украинада Сабуровтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай