Лондон «Дружба» мұнай құбырына қарсы санкцияларды уақытша тоқтатты

Ұлыбритания «Дружба» мұнай құбырына қарсы санкцияларды 2027 жылдың 14 қазанына дейін уақытша тоқтатты, делінген OFSI құжатында.

TASS

Алматы, NEGE. Кеше Ұлыбритания ресейлік «Транснефть» компаниясын санкциялық тізімге енгізген еді.

«Дружба» мұнай құбыры Еуропаға тартылған. Қазіргі уақытта ол арқылы Ресей мұнайы Венгрия мен Словакияға жеткізіледі. Сондай-ақ мұнай құбырының солтүстік тармағы арқылы Қазақстан мұнайы Германияға тасымалданады. 

Британия Қаржы министрлігінің қаржылық санкцияларды іске асыру басқармасы (OFSI) «Дружба» мұнай құбырының ресейлік бөлігін басқаратын «Транснефть» компаниясының лицензиясын 2026 жылдың сәуіріне дейін ұзартты.

Қазір оқып жатыр

Air Astana және FlyArystan компанияларына авиаотынға байланысты айыппұл салынды

Түркістан облысында бір стоматолог бір мезгілде ондаған пациенттің «тісін емдеген»

Оқушы қыздар халықаралық математика олимпиадасында үш медаль жеңіп алды

Ақмола облысында ерлі-зайыпты суррогат анамен соттасып, ақшасын қайтарып алды