USD
USD
USD

Ресейдегі КТК акцияларын басқаратын компания Ұлыбританияның санкциясына ұшырады

Ұлыбритания ресейлік «Транснефть» компаниясын санкциялық тізімге енгізді.

Мұнай экспорты
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ұлыбритания үкіметінің сайтындағы мәліметтерге сәйкес, санкциялар активтерді тоқтатып қоюға, сондай-ақ компанияның сенім қызметтерін жеткізушілер мен басшылығына қатысты енгізіледі. «Транснефть» компаниясымен операция жасауға рұқсат беретін лицензия 2026 жылғы 9 сәуірге дейін жарамды.

«Транснефть» әлемдегі ең ірі магистральдық мұнай құбырлары желісін басқарады және Ресейдің мұнай экспортының шамамен 80%-ын қамтамасыз етеді. Осы маршрут арқылы Қазақстанның негізгі мұнай экспорты өтеді.

Қазақстанның мұнайын Германияға жеткізу «Транснефть» құбыр жүйесі арқылы транзитпен жүзеге асады. Содан кейін шикізат Беларусь аумағымен «Гомельтранснефть Дружба» жүйесі арқылы «Адамова Застава» қабылдау нүктесіне жетеді, одан әрі Шведтедегі мұнай өңдеу зауытына жіберіледі.

Бұған дейін «Транснефть» санкциялық тізімге ілікпей жүрген.

Осы жаңалықтардың әсерінен Мәскеу биржасында сатылатын «Транснефтьтің» акциялары 1,18% арзандады.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат