10 тәулікке қамалады: ЛГБТ-ны насихаттағанды қалай жазалайды?
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов БАҚ өкілдеріне ЛГБТ-ны насихаттағаны үшін қандай жаза тағайындалатынын айтты.
Астана, NEGE. Вице-министрдің мәлімдеуінше, ЛГБТ насихаты құқыққа қайшы контентті тарату бабымен жазаланады.
«Барынша нақты айту үшін дәл осы заңды бұзғаны үшін, яғни ЛГБТ-ға қатысты жаза қолданылмайды. Жауапкершілік бүгін қарастырған профилактика туралы заңның құқыққа қайшы контентті тарату бөлігінде көзделген. Біз мұны құқыққа қайшы контент санатына енгізгендіктен, тиісінше барлық нормалар сол күйінде қолданылады», – дейді Евгений Кочетов.
Оның айтуынша, егер заңбұзушылық алғаш рет тіркелсе, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал екінші рет, яғни бір жыл ішінде қайталанған жағдайда, айыппұл көлемі ұлғаяды немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін.
«Бірақ өте маңызды жайт бар, оны тағы да айтып өткім келеді: бұл норма арыз беру тәртібімен іске асады, яғни өздігінен анықталмайды. Басқаша айтқанда, міндетті түрде арыз түсуі керек. Ол eOtinish арқылы келе ме не басқа жолмен кел ме, ол жағын білмедім. Тек содан кейін ғана бағалау рәсімі басталады», – деді ол.
Айта кетейік, бүгін Сенат депутаттары ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, президентке қол қоюға жолдады.