USD
USD
USD

ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң президентке қол қоюға жолданды

Сенат депутаттары ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. 

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Бүгін, 18 желтоқсан күні Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралды.

Заң жобасын таныстыратын құжатта қабылдау мақсаты архив ісі саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік архивтер қызметінің тиімділігін арттыру және балалардың құқықтарын қорғау екені айтылған.

Заңда Еңбек кодексін қоса алғанда 13 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Оның ішінде Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Жарнама туралы»,«Мәдениет туралы», «Білім туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» және т.б. заңдар бар.

«Бұл заң өскелең ұрпақты қоғамымызға тән емес дәстүрлерді насихаттаудан қорғауды, Неке және отбасы институтын нығайтуға негізделген дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілетуді, балаларды отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеуді қамтамасыз етеді», – делінген құжатта.

Заң жобасын қарау барысында әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова бұл норма тек ЛГБТ-ға қатысты жария насихатқа ғана қолданылатынын, ЛГБТ-ның өзіне тыйым салмайтынын атап өтті. Ал ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов заңдағы бұл түзетулер құқық қорғау ұйымдарының қатысуымен ашық әрі жан-жақты талқыланғанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

.

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Сот

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

Мәжіліс

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді

Депутат