Құрылтайды кім басқаратыны белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар негізгі заң шығарушы органның басшысын таңдады.

Әділет партиясы

Астана, NEGE. Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай төрағасының кандидатурасын Президент ұсынады. Қасым-Жомарт Тоқаев Айбек Дәдебайды лайық деп тапты. 

«Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын», – деді Тоқаев.

Президент Құрылтай депутаттарын Айбек Дәдебайдың кандидатурасын қолдауға шақырды.

Еске салсақ, 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауында Дәдебай төрағалық ететін «Әділет» партиясы сайлаушылар даусының басым бөлігін, яғни 71,17%-ын жинап, жеңімпаз атанды. Бұл партияға 6 528 948 адам дауыс берген. 

Жалпы сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға жеті партияның бесеуі өтті. Соның ішінде 145 мандаттың 110-ы «Әділет» партиясына бұйырса, «Ауыл» – 10, Respublica партиясы – 9, ал ЖСДП мен «Ақ жол» партиялары 8 орыннан иеленді.

27 тамызда Құрылтайдың 145 депутатының есімі белгілі болды. Жаңа құрамда бұрын Мәжіліс пен Сенатта отырған саясаткерлер, әкімдер мен мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен ірі компания басшылары бар.