Құрылтай сайлауы мінсіз ұйымдастырылды – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлауды ұйымдастыру жұмысына баға берді.
Астана, NEGE. Президенттің пікірінше, сайлау кезінде байқаушылар мен Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тиімді жұмыс істеді.
«Кеше ғана тарихымызда тұңғыш рет Құрылтай сайлауы өтті. Бұл сайлау сәтті, мінсіз ұйымдастырылды деп айтсақ, қате болмас. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бүкіл халқымызға азаматтық кемелдік танытып, жаңару стратегиямызды қолдағаны үшін мың да бір алғысымды айтамын. Сайлау кезінде бір топ байқаушылар, соның ішінде халықаралық байқаушылар өте тиімді жұмыс істеді. Оларға да зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының мүшелеріне рахметімді айтамын. Олар өте табанды қызмет атқарды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. ОСК мәліметінше, бес пайыздық межеден бес партия өткен. Атап айтқанда, «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол», ЖСДП. Ал Қазақстан халық партиясы мен «Байтақ» бұл межеден аз дауыс жинады.