USD
USD
USD

Құрылтай сайлауы: ОСК алдын ала нәтижелерді жариялады

Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.

Сайлау туралы заң
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. ОСК мәліметінше, бес пайыздық межеден бес партия өткен.

Атап айтқанда:

  • «Әділет» – 71,17% дауыс (6 528 948 сайлаушы дауыс берген);
  • «Ауыл» – 6,26% (574 621 сайлаушы дауыс берген);
  • Respublica – 5,56% (509 631 сайлаушы дауыс берген);
  • «Ақ жол» – 5,21% (478 083 сайлаушы дауыс берген);
  • ЖСДП – 5,11% (469 058 сайлаушы дауыс берген).

Сайлауға қатысуға жіберілген қалған екі партия бұл межеден аз дауыс жинады:

  • Қазақстан халық партиясы – 3,11% (285 395 сайлаушы дауыс берген);
  • «Байтақ» – 1,07% (97 751).

Сайлаушылардың 2,51%-ы «бәріне қарсымын» деген нұсқаны таңдаған.

Құрылтай сайлауы
Орталық сайлау комиссиясы

Еске салсақ, 23 тамызда Қазақстанда бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Елімізде барлығы 10 424 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Олардың ішінде 61 елде 79 шетелдік сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Сайлаушылар тізіміне барлығы 12 731 847 Қазақстан азаматы енгізілген.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен бюджетке 30 млрд теңге түспей қалған

Ақша

Қазақстанда мектеп формасы жалпы инфляциядан 1,5 есе жылдам қымбаттаған

Қымбатшылық

АҚШ соты 75 елдің азаматына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімнің күшін жойды

иммиграциялық виза

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы