Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Қазақстанда «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасында депутаттардың әдеп қағидалары нақтыланды.

Мәжілістің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Құжатқа сәйкес, депутаттар Құрылтай отырыстарында мінберді жеке мәселелерін шешу үшін пайдалана алмайды. Сөз тек депутаттық өкілеттіктерге қатысты мәселелерге арналуы тиіс.

«Депутаттар Құрылтайдың, оның үйлестіру, жұмыс және консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында сөз сөйлеу құқығын жеке және депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты емес өзге де өтініштер үшін пайдаланбауға тиіс», – делінген заң жобасының 55-бабында.

Қоғам алдында сөйлеген кезде депутаттар тек нақты әрі тексерілген ақпаратқа сүйенуі тиіс. Егер жалған немесе тексерілмеген мәлімет айтылса, олар зардап шеккен тараптан кешірім сұрауға міндетті.

Әдеп ережелерін бұзған депутаттарға түрлі жаза қарастырылған. Мысалы, ескерту жасау, көпшілік алдында кешірім сұрату, бірнеше отырыс бойы сөз бермеу, залдан шығару немесе бір күндік жалақысынан айыру сияқты шаралар қолданылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, себепсіз үш реттен артық отырысқа қатыспаса, сол күндер үшін жалақы төленбейді. Ал бір айдан астам уақыт қатыспаса, жалақыдан бөлек, іссапар шығындары, жол жүру, қызметтік көлік және медициналық қызмет көрсету сияқты жеңілдіктер тоқтатылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді