Күнбағыс ұрлайтындар бар екен

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 20 тонна күнбағыс тұқымы ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Ұрлық Шемонаиха ауданындағы ЖШС-нің бірінде болған. Полиция департаментіне 20 тонна қүнбағыс тұқымының ұрланғанын мекеме директоры хабарлаған. Тергеу барысында 25 және 27 жастағы екі азамат ұсталды.

«Қолға түскен азаматтар осы ЖШС-тің жұмысшылары екені белгілі болды», – деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұрланған заттың бір бөлігі табылды. Жұмысшылар өз кінәларын мойындады. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады