8 октября 2023 г. 13:20
Кукушкин Шанхайда өтіп жатқан Masters сериясы турнирінің екінші айналымына өте алмады
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Шанхайда өтіп жатқан Masters сериясы турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматы, NEGE. Қазақстандық бірінші айналымда британдық Дэниел Эванспен кездесті. Кукушкин екінші сетте ойынды жалғастыра алмай, кездесуден шығып қалды (2:6, 0:3).
Шанхайда өтетін жарыстың келесі кезеңінде Эванс әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Карл Алькараспен кездеседі.