Афинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар қанша медаль жеңіп алды?
Афинада (Грекия) күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Алматы, NEGE. Аталған жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды.
Грек-рим күресінде Жаңажол Қуанышбек 45 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.
Күміс жүлдені Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) еншіледі.
Шамиль Досбол (65 келіге дейін) мен Марлен Мейірбекұлы (71 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
Қыздар арасында Мадхия Усманова (57 келіге дейін) алтын медаль иеленді.
Інжу Баққожа (40 келіге дейін) мен Шахизада Дәулетжан (69 келіге дейін) үшінші орыннан көрінді.
Еркін күрес шеберлері - Данаель Абдықасым (51 келіге дейін), Бекасыл Асамбек (60 келіге дейін) және Дінмұхамед Қасымбек (80 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.
Қазір оқып жатыр
Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия мүшелері не айтылды?

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

