ҚТЖ қарызға белшеден батты: енді шығынды халық өтей ме?
«Қазақстан темір жолы» ұлттық операторына қатысты жағдай былтырдан бері бизнес ортада да, үкімет деңгейінде де қызу талқыланып келеді. IPO-ға шығуға дайындалып жатқан компания миллиардтаған қарыз алса да, қатарынан бірнеше техникалық ақауларға тап болып, маңызды инфрақұрылымдық жобаларды тоқтатуға мәжбүр болды.