Көзжұмар алдында некесі қиылды

«Британияның Нортгемптон

қаласыныдағы ауруханада өкпенің қатерлі ісігімен хәл үстінде жатқан науқас үшін үйлену рәсімі ұйымдастырылды», – деп жазады Daily Mail агенттігі.

Алматы, NEGE. Шілде айында ер адам өзін нашар сезініп, бірден салмақ тастай бастаған. Қыркүйектің соңында оған «өкпе қатерлі ісігінің соңғы сатысында» деген диагнозы қойылады.

Гари есімді жігіт өзінің санаулы күндері қалғанын білгеннен кейін, дәрігерлерге өмірден некесі қиылып, отбасылы адам ретінде өткісі келетіндігін жеткізген.

«Бізде әлі уақыт бар шығар деп ойлаған едік, бірақ өкінішке орай, үмітіміз ақталмады. Өткен жұма күні ауруханадағылар бізге оның санаулы күндері қалғанын айтып, Гаридің өтініші бойынша некелесу рәсімін тезірек ұйымдастыруға кеңес берді. Және дәрігерлер де аянбай көмектесті. Гари неке антын айтып, саусағыма сақина салды, менің бетімнен сүйіп үлгерді», – дейді жесір әйел.

Марқұмның неке қию сәтіне туыстары мен достарынан құралған 25 шақты адам қатысқан. Рәсім өткеннен кейін 7 сағаттан соң, Гари көз жұмған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті