Қостанай облысында жасөспірім ірі көлемде есірткімен ұсталды

Рудный қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері психотроптық заттарды сақтап, таратты деген күдікпен 16 жастағы Теміртау тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Жасөспірім Рудный қаласындағы қалалық жағажай маңында ұсталды. Одан ұнтақ тәрізді зат салынған орамдар, шамамен 80 пакет тәркіленді. Кейін полиция қызметкерлері Қостанай қаласында жалға алынған пәтерге тінту жүргізді.

Пәтерден электронды таразылар, жүздеген бос пакет, сондай-ақ сату үшін дайындалған 200-ден астам есірткі орамы табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен жарты килограммды құрады. Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттың синтетикалық есірткі екенін көрсетті.

Алдын ала дерек бойынша жасөспірім әлеуметтік желілер арқылы қылмысқа тартылған. Мессенджерде оған "жоғары табысы бар курьерлік жұмыс" ұсынылған. Шын мәнінде, оның міндеті есірткіні сақтау және Қостанай облысы аумағына жасырын қойып шығу болған. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта полиция қылмыстық топтың ұйымдастырушыларын және сыбайластарын іздестіруде.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді