Қосымша №7. «Jusan bank» НЕГЕ Шигео КАТСУҒА жомарттық танытты?
Jusan bank 2022 жылдың аудиттелген қаржылық есебін жариялады. 2021 жылға қарағанда, банк табысы кәдімгідей өскен. Оның алдында банк мемлекеттен қаржылық қолдау алғандықтан, акционерлерге заң бойынша дивиденд төленбеді. Тек директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу қомақты сыйақы алған.