Қош келдің, бюджеттік кризис! Үкімет бюджет дефициті алдында НЕГЕ дәрменсіз күйге түсті?
«Nur Otan» партиясы мен Асқар Маминнің кабинеті болашақта Қазақстанға үлкен проблемалар алып келуі мүмкін. Сайлау алдында уәдені үйіп-төккен билік партиясы енді оны орындау үшін Ұлттық қордан 850 миллиард теңге алады. Үкімет «Президент тапсырмасын орындаймын» деп бюджет шығысын 15,3 триллион теңгеге көтеріп отыр.