5 июля 2025 г. 15:55

«Қорқатыныңды мойында!»: Жәнібек Әлімханұлының менеджері арызданды

Фото: Getty images

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас әлемдік бокстағы ең ықпалды адамдарға шағым жасады.

Алматы, NEGE. Ол Карлос Адамес үстінен арызданған.

Эгис Климас қарсыластарының Жәнібектен қорқып, жұдырықтасудан бас тартатын айтты. WBC чемпионы Карлос Адамес WBO және IBF титулдарын біріктіргісі келмейтінін түсінбей отыр.

Эгис Сауд Арабиясының бокс пен басқа да ойын-сауықтарға қаржы бөлетін қазынашысы Турки әл-Аш-Шейхті, Top Rank промоутерлік компаниясын және «бокстың қалған әлемін» белгілеп өтті.

«Жәнібектен көп боксшы қолғап түйістіруден бас тартады. Мен бұл спортта неге қорқақтар көп екенін түсінбеймін… Неге бокста жекпе-жектен қорқады? Карлос, бауырым, жүр, бәрі көргісі келетін біріктіруші жекпе-жекке келіс! Немесе қорқатыныңды мойында!» – деп жазған Эгис Климас.

Бұған дейін Жәнібек Адамеспен жекпе-жекке келісімшартқа қол қойғанын және доминикандық боксшыны күтіп жүргенін айтқан.