Көлік жүргізушісіне 6 миллион теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысы ережесін 98 рет бұзған жүргізушіге 6 миллион теңгеден аса айыппұл салынған, - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. 3 желтоқсанда елордалық полицейлер Volvo XC90 автокөлігін тоқтатқан. «Бейнебақылау камералары мониторинг жүргізу кезінде осы автокөлік жол қозғалысы ережесін бұзғанына байланысты тоқтатылған. Тексеру барысында, осы автокөлікпен ЖҚЕ бұзу бойынша 98 дерек тіркеліп, 6 миллион 95 мың 350 теңге айыппұл салынған», – деді департамент өкілдері. 

Сондай-ақ, 49 рет ЖҚЕ бұзған Lexus LX 570 автокөлігі тоқтатылған, оған 2 миллион 489 мың 650 теңге айыппұл салынған.  Автокөліктер айып тұрағына жеткізілген.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды