КҚК-ға шабуыл жайлы жазбаларға байланысты тергеу: іске «бопсалау» бабы қосылды

Каспий құбыр консорциумына (КҚК) жасалған шабуыл туралы әлеуметтік желідегі жазбаларға қатысты іс енді «бопсалау» бабы бойынша да қаралып жатыр. Бұл туралы NEGE редакциясына Ішкі істер министрлігі хабарлады.

cpc.ru

Астана, NEGE. Министрліктің редакцияның ресми сауалына берген жауабында Астана қаласының полициясы бұл іске байланысты екі бап бойынша тергеу жүргізіп жатқаны айтылған:

«Астана қаласының Полиция департаменті аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру) және 194-бабының 4-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр».

Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс депутаты Айдос Сарым украин дрондарының Каспий құбыр консорциумына (КҚК) жасаған шабуылын қолдаған қазақстандықтарды тексеруді сұрап, бас прокурор Берік Асыловтың атына сауал жолдаған еді. Ол мемлекет үшін маңызды инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасауға үндеген азаматтардың әрекеттерін «терроризмді насихаттау» немесе «мемлекетке опасыздық жасау» баптары аясында тексеруді ұсынған-ды.

Алайда тергеу органдары бұл оқиғаны терроризм немесе мемлекеттік опасыздық ретінде қарауға негіз жоқ деп шешкен. Сондықтан іс бастапқыда «Алауыздықты қоздыру» бабы бойынша ғана қаралған. 

Қазір оқып жатыр

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Алматыдағы жол апаты: қала әкімі бір аптадан кейін көңіл айтып, полицияға тапсырма берді

26 наурыз – Халықаралық Арал күні болуы мүмкін