Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Медеу аудандық №2 сотында Қылмыстық кодекстің «Зорлау» және «Басқа адамды АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупіне әдейі ұшырату» баптары бойынша айыпталған ЛГБТ белсендісі Әмір Шайкежановке үкім шықты. Сот отырысы жабық түрде өтті.

instagram.com/amir_shanti

Астана, NEGE. Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың наурыз айында Шайкежанов Елисей есімді қызметкеріне белгісіз зат беріп, дәрменсіз күйге түсірген. Осыдан кейін оның дәрменсіз күйін пайдаланып, онымен еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен.

Бұл ретте Шайкежановтың қорғаушысы жыныстық қатынастың өзара келісім негізінде болғанын және сотталушының АИТВ жұқтырғанын жасырмағынын алға тартты.

Сотталушы кінәсін мойындамады.

Жәбірленуші оны бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал прокурор сотта қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

«Сотталушының айыпталған әрекеттерді жасағаны іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушінің айғақтарымен және бейнежазбамен дәлелденді. Жаза тағайындау кезінде Ш.-ның жауапкершілігін жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Ш. тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды», – делінген сот хабарламасында.

Дегенмен ол Қылмыстық кодекстің 118-бабы 1-бөлігі бойынша (қылмыстық теріс қылық), ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, тек зорлау бабымен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 2025 жылдың наурыз айының соңында болған оқиғаға байланысты сот процесі биыл қаңтарда басталды. Жәбірленуші әлеуметтік желілерде ЛГБТ қауымдастығына арналған барлардың бірінде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жариялаған. Оның мәлімдеуінше, аталмыш бардың иесі Әмір Шайкежанов өзінің АИТВ жұқтырғанын біле тұра, келісімсіз және қорғаныш құралдарын қолданбай онымен жыныстық қатынасқа түскен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді