USD
USD
USD

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежановтың ісі жабық өтеді

Алматы қаласының Медеу аудандық №2 сотында ЛГБТ белсендісі Әмір Шайкежановтың үстінен қозғалған іс бойынша сот процесі басталды.

Әмір Шайкежанов
Фото: instagram.com/amir_shanti

Алматы, NEGE. Әмір Шайкежановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы – «Зорлау» және «Басқа адамды АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупіне әдейі ұшырату» бойынша айып тағылып жатыр.

Сот жабық форматта өтетіні белгілі болды. 

Әмір Шайкежановтың қорғаушысы адамды АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупіне әдейі ұшырату бабы бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату жөнінде өтінішхат жолдаған. Өйткені, айыпталушы өзінің АИТВ-мен ауыратынын ешқашан жасырмаған. Керісінше бұл туралы ашық айтып, клубында алдын алу шараларын ұйымдастырып келген. Сонымен қатар олар зорлау фактісін де жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, интимді қатынас екі жақтың өзара келісімімен болған.

Естеріңізге сала кетейік, аталған оқиға 2025 жылдың наурыз айының соңында болған. Сол кезде жәбірленуші әлеуметтік желілерде ЛГБТ қауымдастығына арналған барлардың бірінде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жариялаған. Оның мәлімдеуінше, аталмыш бардың иесі Әмір Шайкежанов өзінің АИТВ-мен ауыратынын біле тұра, келісімсіз және қорғаныш құралдарын қолданбай онымен интимді қатынасқа түскен.

Қазір оқып жатыр

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Ясмина Тоқсанбаева