Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды
Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықов пен судья Серік Бертайға қатысты сот үкімі шықты.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Ведомство ақпаратынша, олар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көрсетілген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Осы жылдың қаңтарында ҰҚК бұрынғы сот төрағасы мен судьяны ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ұстаған еді.