Қызыл кітапқа енген қызғалдақты терген 22 жастағы студент 11 миллион теңге айыппұл арқалады

Түркістан облысының полициясы «Грейг» қызғалдақтарын тамашалауға келген тұрғындар мен қонақтарға Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

видеодан

Алматы, NEGE. Полиция әлеуметтік желілерді бақылау барысында жас қыздың қызғалдақтарды жұлғаны туралы бейнежазбаны тапты. Тексеру кезінде оның Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, өз парақшасына жариялаған.

Қазір оқып жатыр

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды