Қыздарды жатақханада ұлдардың бөлмесін жинауға мәжбүрлегендер сөгіс алды

Оқу-ағарту министрлігі Түркістандағы көпсалалы индустриалды-техникалық колледждің жатақханасында тұратын студент қыздарды ұлдардың бөлмесін жинап, әжетханаларды тазалауға мәжбүрлеген видеоға қатысты пікір білдірді.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Министрліктің хабарлауынша, Білім басқармасы арнайы жұмыс комиссиясын құрып, мән-жайды анықтау мақсатында жатақханаға барып тексеру жүргізді.

«ҚР заңнамасына сәйкес кәмелетке толмаған білім алушыларды жұмыс істеуге мәжбүрлеуге, сондай-ақ оларға қысым көрсетуге жол берілмейді. Бұл – бала құқықтарын бұзу және балалар еңбегін пайдалануға тыйым салатын талаптарға қайшы әрекет», – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, тексеру нәтижесінде жауапты тұлғаларға сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Сонымен қатар студенттер мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Өрт сөндірушілерге кедергі келтірген көлік бүлінсе, кім жауап береді?

Жаңаөзенде қыз алып қашқан 5 адам сотталды

Қазақстанда неке сақиналары күрт қымбаттаған

Air Astana және FlyArystan компанияларына авиаотынға байланысты айыппұл салынды