Референдум Референдум
23 Ақпан 15:30
...

Түркістанда студент қыздарды жатақханада ұлдардың бөлмелерін жинауға мәжбүрлеген

Жатақхана
Фото: видео-скрин
Әлеуметтік желіде Түркістандағы көпсалалы индустриалды-техникалық колледждің жатақханасында тұратын студент қыздарды ұлдардың бөлмесін жинап, әжетханаларды тазалауға мәжбүрлеген видео тарады.
Референдум

Алматы, NEGE. Ақпаратқа сәйкес, бұл талаптарды орындамағандарға жатақханадан шығару және жуынатын бөлмені пайдалануға тыйым салу жөнінде ескерту жасалған.

Алайда студент қыздар ұлдардың бөлмесін тазалаудан бас тартқан.

Түркістан облыстық білім басқармасы аталған жағдайға пікір білдірді.

Басқарманың мәліметіне сәйкес, мәселе бақылауға алынған. Сонымен қатар арнайы комиссия құрылып, тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілген.

«Колледжде 1072 студент білім алады, оның 80-і жатақханамен қамтылған. 23-25 ақпан күндері өтетін облыстық спартакиадаға байланысты жатақханаға қатысушыларды орналастыру қажеттілігі туған. Осыған байланысты қызметкерлер студенттерден бос бөлмелердегі тазалыққа көмектесуді ауызша өтінген», – делінген хабарламада.

Ведомстваның мәліметінше, ол кезде жатақханада студент жігіттер болмаған. Сол себепті қыздардан бос бөлмелерді тазалауды сұраған. Айтуларынша, кейбір студенттер бас тартып, соңы түсініспеушілікке ұласқан. 

Қазір студенттермен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Білім басқармасы білім алушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты назарда ұстайды. Ішкі тәртіп талаптарын күшейту және осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында қосымша шаралар қабылданды. Жауаптыларға қатысты заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады», – делінген басқарма мәлімдемесінде.

Референдум