Қыз ұзату тойына келгендер жаппай уланды

Павлодарда қыз ұзату тойындағы тамақтан жаппай улану оқиғасына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.  нормативтерді сақтамаған делініп отыр.

ғаламтордан

Алиаты, NEGE Мейрамхана санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді сақтамаған делініп отыр.

Павлодар қаласының прокуратурасы санитарлық дәрігерлер мейрамханаға барып, эпидемиологиялық тексеру жүргізгендерін хабарлады. Кәсіпкерлік нысанының иесіне кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілген. Ал тойда дастарханға қойылған тамақ өнімдері бойынша зертханалық зерттеу нәтижелері қылмыстық істі ашуға негіз болған.

- Қалалық полиция басқармасының орталық бөлімі мейрамханаға қатысты Қылмыстық кодекстің 304-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп, жәбірленушілерден жауап алынып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындаулар туралы мәселе шешіліп жатыр,-деп хабарлады Павлодар қаласының прокуратурасынан. 

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады