Қытайлық инвесторлар Қазақстанда каналдардағы суды есепке алуды үйретпек

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ҚХР-дың ірі кәсіпорындары өкілдерінен құралған делегациямен кездесті.

gov.kz

Алматы, NEGE. Делегацияны Yellow River Engineering Consulting компаниясының бас экономикалық менеджері Инь Дэвэнь бастап келді.

Кездесуде Қазақстанда жаңа гидротехникалық нысандар салу және ирригациялық каналдарды автоматтандыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар су шаруашылығы саласына қытайлық инвестиция тарту жөнінде пікір алмасты.

Атап айтқанда, ҚХР кәсіпкерлері Қазақстанның оңтүстігінде ирригациялық каналдарда суды есепке алуды автоматтандыру және цифрландыру үшін технологиялар өндірісін іске қосуға дайын екендерін білдірді. Сонымен қатар қытайлық компаниялар қазақстандық су шаруашылығы саласының мамандары үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды ұсынды.

«Біз 2030 жылға дейінгі су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы аясындағы жобаларға шетелдік серіктестерді белсенді тартып жатырмыз. Құжатта көрсетілген маңызды көрсеткіштердің бірі – кемінде 3 500 шақырым каналды жаңғырту және цифрландыру. Қазіргі заманғы жабдықты өз елімізде шығару су шаруашылығын цифрландыру қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді»,

– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған