Қыстағы ҰБТ қай күндері өтеді?

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 30 желтоқсанда аяқталды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Осы сынаққа 167 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 мыңға көп. ҰБТ 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. 

ҰБТ тапсыратын мектеп түлектері өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.

«ҰБТ барысында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат аппеляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120», – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті