Кісі кейпіндегі қанішерге – 11 жыл!
Ақмола облысында 75 жастағы кейуананы зорлаған хайуан 11 жылға сотталды. Бұл жөнінде ҚазТАГ агенттігінің тілшісі хабарлайды.
Алматы, NEGE. «Ақмола облысы Целиноград аудандық соты осы жылдың 30 қыркүйегінде 75 жастағы әйелге зорлық-зомбылық көрсетіп, үйін тонап кеткен Марат Дүйсекеевке ҚР Қылмыстық кодексінің 2- пункт 3-бөлім 192-бабына (шабуыл) сәйкес, 120 (зорлау) және 121-баптарына (сексуалды зорлық көрсету) сәйкес 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Шешім әлі заңдық күшіне енген жоқ» деп, хабарлайды агенттік тілшісіне «Немолчи.kz» қозғалысының белсендісі Дина Смаилова.
Бұрын кісі өлтіріп сотталған 32 жастағы Марат Дүйсекеев 2018 жылдың 30 қыркүйегінде таңғы сағат 4-тер шамасында 75 жастағы зейнеткердің үйіне баса-көктеп кіріп кеткен. Кейуананы сабап, зорлық көрсетіп, оның үйіндегі қолға ілігер заттарын алып кеткен. Егер қылмысын біреуге айтса, аямайтынын ескерткен қанішер үшін прокурор сот кезінде небары 4 жыл сұраған екен.