Қырғызстанда Қазақстан азаматы ұсталды

Синтетикалық есірткімен ұсталған күдікті 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

instagram/gknb.official

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Қырғызстанның  ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады.

ҰҚМК Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 282-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Қырғызстан аумағына синтетикалық есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті.

2026 жылғы 8 ақпанда жүргізілген тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматы жалпы салмағы 5 кг болатын "Альфа-PVP" синтетикалық есірткісімен ұсталды.

Қазақстан азаматы Қырғыз Республикасы ҰҚМК-ның тергеу изоляторына қамалды. Сондай-ақ, ведомство өкілдері есірткі арнасының ұйымдастырушыларын анықтауға бағытталған қосымша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін