Қырғыздар қазақ көкпаршыларын қарымта ойынға шақырды

Қырғызстанның көкбөрі федерациясы Қазақстан құрамасына қарымта ойын өткізуді ұсынды.

worldnomadgames.com

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қырғызстан көк бөрі федерация басшысы Рамис Джунусалиев хабарлады.

– Біз даулы мәселелерді біржола жою үшін қазақстандық тарапқа реванш матчын өткізуді ұсынамыз. Көрші елдің спортшыларына Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында болған құраммен ойынға келуді ұсынамыз, – делінген хабарламада. 

Бұл ұсыныс Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы спорттық байланыстарды нығайтуға және әділ ойынды ұйымдастыруға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, Көкпардан финалдық ойында Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болған. Ойын кезінде қазақ пен қырғыз көкпаршылары арасында жанжал туындады

Бірінші кезеңнің аяқталуына 6 минуттай уақыт қалғанда серкеге талас кезінде көкпаршылар қақтығысып қалған. Нақтырақ айтқанда, еліміздің көкпаршысы қарсылас қырғыз командасының көкпаршысын қамшымен ұрған. Оларды ажыратуға тәртіп сақшылары араласқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?