Қымбат көліктерге мораторий жариялануы мүмкін
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаржысын оңды-солды шашпауды ескертті.
Нұр-Сұлтан, NEGE. «Бюджет саясатын мұқият саралауымыз керек. Мен имидждік іс-шаралардың бюджет шығынын қысқарттым. Үкімет шығындарды 30 миллиард теңгеге оптимизация жасады. Бірақ бұл – мәселе шешімінің алғашқы қадамы ғана. Квазимемлекеттік секторға да қажетсіз шығындарды қысқартқан жөн.
Алғашқы шара ретінде қымбат транспорт пен жиһаз сатып алуға, түрлі форумдар мен семинарлар өткізуге ұзақ мерзімді мараторий жариялауды ұсынамын. Шаралар тиімді әрі идеологиялық пайдасы болуы керек» деді Президент.